Пред След
Печать

Мұғалімдер туриадасы ақпарат

Автор: ҚЖСТ әдіскер Кенжатова А. Б.

images2016 жылдың 13-14 қазан айында Өрлеу елді мекеніндегі «Достық» лагерінде мектеп мұғалімдер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мұғалімдер күніне арналған білім саласы қызметкерлері арасында спорттық туризм техникасы бойынша туриада өтті.

Туриада спорттық – туристік шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық - туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу және мұғалімдер арасында туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Команда құрамы 5 адам (4 ер + 1 қыз) жалпы туриадаға 10 қала мектептерінен 10 топ және аудан мектебінен бір топ барлығы 60 мұғалім қатысып бақ сынасты.

Олар: №24 ГМЛ, №46 ОМ, №53 ОМ, Өрлеу ОМ, №55 ОМ, №45 ОМ, №19 ОМ, №40 ОМ, №50 ОМ, Благодар ОМ және Мәртөк ауданы командасы жарысқа қатысқан болатын.

Екі күндік туриаданың бағдарламасы бойынша «Жол кедергілері», «Лидер», «Өткелдер» қашықтығы және ең үздік туристік ас, далалық жағдайдағы тұрақты ұйымдастыру, үздік капитан, командалар өзін-өзі таныстыруы және бардтық ән орындау байқаулары өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
«Жол кедергілер» қашықтығы I – орын: Мәртөк ауданы
II – орын: №46 ОМ
III – орын: №45 ОМ
«Лидер» қашықтығы
I – орын: Мәртөк ауданы
II – орын: №50 ОМ
III – орын: №19 ОМ
«Ең үздік туристік ас»
I – орын: №55 ОМ
II – орын: №53 ОМ
III – орын: Өрлеу ОМ
«Команданың өзін – өзі таныстыруы»
I –орын: №53 ОМ
II – орын: Мәртөк ауданы
III – орын: №46 ОМ
«Далалық жағдайдағы тұрақты ұйымдастыру»
I – орын: Өрлеу ОМ
II – орын: №46 ОМ
III – орын: №24 ГМЛ
«Үздік капитан»
I – орын: №45 ОМ
II – орын: №55 ОМ
III – орын: Мәртөк ауданы ОМ
Барлық жарыс қорытындысы бойынша:
I – орын: Мәртөк ауданы
II – орын: №46 ОМ III – орын: №45 ОМ

Жарысқа қатысушыларды Ақтөбе қаласының білім бөлімі атынан дипломдар, мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаздарға қалалық жас туристер стансасының атынан кубок және медалдар табыс етілді. Сонымен қатар белсене қатысқаны үшін №40 ОМ, №19 ОМ, № 55 ОМ мадақтама қағаздармен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba