Пред След
Печать

«Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR-акциясы

Автор: ҚҒӘО ӘЖ бөлім бастығы Ж. Шалабаева.

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

imagesОқу жылы басталуымен бірге ұстаздар мерекесі қатар келетіні анық. Осы орайда, ҚҒӘО жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR-акциясы 2016 жылдың 5-10 қазаны аралығында сырттай өткізілді.

Акцияның мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш класс мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету, іс – тәжірибесін тарату.

PR-акция төмендегідей кезеңдер бойынша өтті:
1.  «Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасы...» мұғалімнің эссесі;
2.  «Шығармашылық қобдишам» мұғалім портфолиосы;
3. «Шеберлік шеберханасы» көркем еңбек пәні бойынша қолданылған ең үздік бұйым көрмесі (дайындалған мұғалім ресурсы).

Акция 11-қазан күні қорытындыланды. Байқауға қала мектептерінен 60- тан аса бастауыш класс мұғалімдері қатысым жасады. Түрлі үлгідегі портфолио жиынтықтары мен шеберлік шеберхана жұмыстары ұсынылды.

Нәтижесінде:
Бас жүлде: №32 ОМГ (Елшибекова С.);
І орын: №10 ОМ (Талапбаева С.), №3 ОМ (Жаронкина И.), №47 ОМ (Буркиталина А.);
ІІ орын: №41 ОМ (Әбиева Б.), №16 ОМ (Успанова Д.), Ақтөбе ОМ (Таженова Г.), №14 ОМ (Алмагамбетова С.);
ІІІ орын: №8 ОМ (Қабдеш Г.), №34 ОМ (Смайлова А.), №50 ОМ (Қосжанова Ж.), Сазды ОМ (Молдабекова Г.), Сазды ОМ (Мусагалиева Б.), №41 ОМ (Байгазиева Ф.);
«Креативті ұстаз» номинациясы: №48 ОМ (Иманиязова С.), №15 ОМ (Ахметова А.);
«Жаңашыл ұстаз» номинациясы: №33 ОМ (Мухамеджанова А.), №39 ОМ (Калмурзаева Н.);
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы: №6 ОМ (Жантурина Г.), №4 ОМ (Алитурлиева К.);
«Ізденімпаз ұстаз» номинациясы: №8 ОМ (Саймагамбетова К.), №42 ОМ (Смағұлова К., Жұмағалиева С.).

ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Марапаттауларыңызды 2016 жылдың 21-қазанында №44 кабинеттен алып кетулеріңізге болады. Сонымен қоса, «Шеберлік шеберханасы» мен эссе жұмыстары байқау материалдарының қорына қалдырылады. Ал, мұғалім портфолиоларын №8 ОМ ұйымдастырушы комитетінен алып кетуге рұқсат етіледі.

FaLang translation system by Faboba