Пред След
Печать

Халықаралық туризм күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық туризм техникасы бойынша туриада жарысына ақпарат

Автор: Ақтөбе қ. ҚҒӘО.

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

images2016 жылдың 29-30 қыркүйек айында Өрлеу елді мекеніндегі «Достық» лагерінде мектеп оқушылары арасында Халықаралық туризм күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық туризм техникасы бойынша туриада өтті.

Туриада спорттық – туристік шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық - туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу және оқушылар арасында туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Команда құрамы 6 адам (4 бала + 2 қыз) жалпы туриадаға 6 - 9 класс аралығындағы оқушылардан құралған топтар қатысып бақ сынасты. Туриадаға 70 оқушы қатысты.

Туриадаға барлығы 10 қала мектептерінен 10 топ және аудан мектебінен бір топ қатысты. Олар: №24 ГМЛ «Жас талап» командасы; №31 ОМ «LEVStur» командасы; №53 ОМ «Банда» командасы; №1 ОМ «ЛЭВИСТ» командасы; №8 ОМ «8 долгата» командасы; №45 ОМ «45 алауы» командасы; Новый ОМ «Олимп» командасы; №37 ОМ «Жалын» командасы; №50 ОМ «Алау» командасы; Благодар ОМ «Тәуелсіздік қырандары» және Мәртөк ауданы Саржансай ОМ «Сұңқар» командасы жарысқа қатысқан болатын.

Екі күндік туриаданың бағдарламасы бойынша «Жол кедергілері», «Лидер» және «Өткелдер» қашықтығы, фотосуреттер, командалардың өзін-өзі таныстыруы және бардтық ән орындау байқаулары өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

«Жол кедергілер» қашықтығы
I – орын: №24 ГМЛ «Жас талап» командасы
II – орын: №8 ОМ «8 долгата» командасы
III – орын: №1 ОМ «ЛЭВИСТ» командасы

«Лидер» қашықтығы
I – орын: №24 ГМЛ «Жас талап» командасы
II – орын: №1 ОМ «ЛЭВИСТ» командасы
III – орын: №37 ОМ «Жалын» командасы

«Өткелдер» қашықтығы
I – орын: №24 ГМЛ «Жас талап» командасы
II – орын: №1 ОМ «ЛЭВИСТ» командасы және №8 ОМ «8 долгата» командасы
III – орын: №31 ОМ «LEVZtur» командасы

«Команданың өзін – өзі таныстыруы»
I –орын: №53 ОМ «Банда» командасы
II – орын: Мәртөк ауданы Саржансай ОМ «Сұңқар» командасы
III – орын: Новый ОМ «Олимп» командасы және №24 ГМЛ «Жас талап» командасы

Фотосуреттер байқауы
I – орын: Мәртөк ауданы Саржансай ОМ «Сұңқар» командасы
II – орын: Новый ОМ «Олимп» командасы
III – орын: Благодар ОМ «Тәуелсіздік қырандары» командасы және №45 ОМ «45 алауы» командасы

Барлық жарыс қорытындысы бойынша:
I – орын: №24 ГМЛ «Жас талап» командасы
II – орын: №1 ОМ «ЭВИСТ» командасы
III – орын: №8 ОМ «8 долгата» командасы

Жарысқа қатысушыларды Ақтөбе қаласының білім бөлімі атынан дипломдар, мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаздарға қалалық жас туристер стансасының атынан кубок және медалдар, жетекшілерге сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар белсене қатысқаны үшін Мәртөк ауданы Саржансай ОМ «Сұңқар» командасы, №37 ОМ «Жалын» командасы, №45 ОМ «45 алауы» командасы және «Үздік капитан» наминациясы бойынша №31 ОМ оқушысы Кубенова Жұлдыз және «Үздік бард» орындаушы номинациясы бойынша №45 ОМ оқушысы Жаналинов Рауан марапатталды.

FaLang translation system by Faboba