Пред След
Печать

«Мектепке дейінгі ұйымда балаларға психологиялық жайлылық қалыптастыру» тақырыбындағы семинар-практикум

Автор: ҚҒӘО әдікері Шалабаева Г.У.

images Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы білім саласы оқыту мен тәрбиелеу үрдісі саяси жаңару аясында мекемелердің жаңа моделін іздену кезеңіне аяқ басты. Осы тұрғыдан қаламызда біршама іс-шаралар атқарылып жатыр.

№ 20 «Дидар» мектепке дейінгі ұйымының базасында 2016 жылдың 7-қарашасында «Мектепке дейінгі ұйымда балаларға психологиялық жайлылық қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинарды № 20 «Дидар» МДҰ тәрбиеленушілері өз өнерлерімен ашты.

Семинар жұмыстарына қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Қ.Жұбанов атындағы АӨПУ мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының аға оқытушысы, АОҒТО арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Е.В.Шестакова, Қ.Жұбанов атындағы АӨПУ педагогика және психология магистрі, аға оқытушысы Б.И.Амантаева, № 17 «Шұғыла» МДҰ әдіскері Г.К.Ахметова, № 20 «Дидар» МДҰ психологы Г.Л.Емегенова қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

images Семинар бағдарлама негізінде жүргізіліп, психологтарға кең мағлұмат берілді. Семинар барысында тақырыпқа байланысты психологиялық жаттығулар жүргізіліп, келген қатысушылармен кері байланыс орнатылды. Семинар қатысушыларының қызығушылығын оятқан «Инклюзивті оқыту аясында балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» барысында жүргізген № 17 «Шұғыла» әдіскері Г.К.Ахметованың тәжірибесі болды. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы «Инклюзивті білім беру – қайырымдылық пен адамгершілік бастауы». Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе, балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын білім беру әрекеті екендігін Г.К.Ахметова өз жасаған жұмыстарымен бөлісу арқылы дәлелдеп берді.

images Сонымен бірге Қ.Жұбанов атындағы АӨПУ мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының аға оқытушысы, АОҒТО арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Е.В.Шестакова осы тақырыпқа терең тоқталып, келген қонақтармен психологиялық жаттығу жүргізді. Қ.Жұбанов атындағы АӨПУ педагогика және психология магистрі, аға оқытушысы Б.И.Амантаева инклюзивті оқыту аясында арнайы мамандардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы туралы мәлімет берді. Семинарда көтерілген жалпы өзекті мәселе келген психологтардың өз жұмысына ерекше көңілмен бет бұруына, аянбай еңбек ету керектігіне айқын дәлел болды.

FaLang translation system by Faboba